Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» ҚҚ теологы «Жусан» репатрианттарына арналған ойын викторинасын өткізді

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде Батыс-Қазақстан облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-кеңесшісі Данаева Назгүл Медерқызы «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Сириядан Отанына оралған Орал қаласының тұрғындары тобымен «Білімді ұрпақ-ұлт болашағы» атты ойын викторинасын өткізді. Іс-шара Батыс Қазақстан облысындағы «Ақниет» ҚҚ өкілдігінің кеңсесінде өтті.

 

Интелектуалды сұрақ-жауап ойыны - Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғарылатуды, интеллектуалды озық ойлы дарынын ашуды, зеректік қабілетін дамытуды, өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыруды және тұлғалық және тұлғааралық қатынастарды қарастырады.

 

Интелектуалды сұрақ-жауап ойын - Сайысқа қатысушылардың ой - өрісін кеңейтуді; білімге деген құштарлыққа, ізденімпаздыққа танымдық ойын арқылы жетелеуді, білімдерін, қаншалықты білетіндіктерін тексре отырып ойын барысында жағдайды жеке аяқтау тәсілін жасау ұсынылады.

 

Интелектуалды сұрақ-жауап ойын - Өз ойын тез тұжырымдай білуге, жылдам, дұрыс шешім қабылдай білуге және ұжым намысын қорғау үшін қалай әрекет ету керектігі туралы ой қозғау.

 

Интелектуалды сұрақ-жауап ойыны - Қатысушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, нақты адамдар үшін күнделікті өмірде тән мінез-құлық моделін құру.

 

Интелектуалды сұрақ-жауап ойыны - Қатысушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеу.

 

Рөлдік ойындардың пайдасы

 

1. Қатысушылар жылдам шешім қабылдай алуға, білімге деген қызығушылықтарының дамуы.

 

2. Сайыскерлердің ой-өрісін ширату мақсатында мазайкалар құрастыруға беріледі. Сол кезде басқа адамдардың құрастыруына байланысты басқаларға қарағанда өзін қалай ұстайтындығы туралы түсініктің пайда болуы.

 

3. Сұрақтарға жауап беру арқылы көптеген жаңа мәліметтерді үйренеді. Бұл үйренудің және тәжірибе жинаудың тиімді әдістерінің бірі.

 

4. Көп жағдайда интелектуалды ойындар білім мен дағдыларды сіңірудің салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз және жағымды әдісін ұсынады.

 

5. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтей білугедағдылану.

 

Осы ретте қатысушыларға діни тұрғыдағы адамның бір-бірімен қарым-қатынас туралы түсіндірмелі жұмыс жүргізіліп,топаралық пікірталас орын алды.

 

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.