Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде Батыс-Қазақстан облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-кеңесшісі Данаева Назгүл Медерқызы «Жусан» гуманитарлық операциясы шеңберінде елге оралған азаматшалармен «Қыз баланың ілім алуы» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу Батыс Қазақстан облысындағы «Ақниет» ҚҚ өкілдігінің кеңсесінде өтті.
«Ілім алу туралы Құранда не айтылған?». Қасиетті Құранда 823 жерде білім турасында, 49 жерде ақыл жүгірту жайлы, 18 жерде ойлануға шақыратын аяттар кездеседі. Осы сандарға қарап білімнің орны Алланың құзырында айрықша мәртебеге ие екенін айта аламыз. Алла Тағала Құран Кәрімнің «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?», - деп білімді және білімділерді ұлықтайды.
«Тарихта айтылған ғалым әйелдер». Ислам тарихында ғалымдар тек ер адамдар болмады. Сонымен қатар әйел мұсылмандар да ғылымға, ілімге зор үлес қосқан. Ислам дінінің келуімен әйел затының да дәрежесі көтерілді. Батыс елдері терең ұйқыда жатқанда мсылман қауымы әйелдерінің өзі жоғары дәрежедегі ғылым болып, ислам ғылымы мен мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға өз үлестерін қосқан. Ибн һажар әл-Асқалани «Әл-Исаба фи-тамииз әс-Сахаба» атты кітабында 1543 әйел сахабаны келтірген.
1. Ғалым әйелдердің сәйиді (ханымы), бүкіл мұсылман әйелдеріне үлгі болған Пайғамбарымыздың (ﷺ) жары Айша (р.а) болды. Ең көп хадис жеткізген сахабалар қатарынан.
2. Үмму әл-Дәрдә да ғалым, ислам құқығын меңгерген ғалым әйелдердің қатарынан орын алады.
3. Әшшифә бинту Абдулла әл-Муһажир әл-Қурайшийә оқу-жазуды меңгерген ғалым әйел. т.б.
«Пайғамбар (ﷺ) әйел адамның ілім үйренуі туралы не деген?». Пайғамбарымыз (ﷺ) хадис шарифінде былай деген: «Ілім алу - әрбір мұсылман ер мен мұсылман әйел баласына парыз»,-деп ілім ізденудің әйелдерге де тиісті екендігін сөз еткен. Пайғамбарымыз (ﷺ) әйелдерге арнайы бір күнді белгілеп қоятын. Сол күні әйелдерді оқытатын. Сөйтіп, әйелдер Пайғамбарымыз берген білімнің арқасында өте қабілетті болумен қатар, кейінірек басқалар үшін құрметті оқытушыларға да айналған.
«Ислам дініндегі әйелдің сипаты». Әйел адам өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен қымбатты. Әйел орамалымен көрікті. Жарасымды түрде киінумен ибалы. Қазақтың: «Есті қыз етегін қымтап ұстайды», - деуі де бекер емес. Ал, осы тұрғыдан алғанда орамал тағу, ұзын киім кию әйел адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдардың арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын қорған.
Білім алу - Ислам тарихында ғалымдар тек ер адамдар болмады. Сонымен қатар әйел мұсылмандар да ғылымға, ілімге зор үлес қосқан. Ислам дінінің келуімен әйел затының да дәрежесі көтерілді. Батыс елдері терең ұйқыда жатқанда мсылман қауымы әйелдерінің өзі жоғары дәрежедегі ғылым болып, ислам ғылымы мен мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға өз үлестерін қосқан.
Білім алу - Қасиетті Құранда 823 жерде білім турасында, 49 жерде ақыл жүгірту жайлы, 18 жерде ойлануға шақыратын аяттар кездеседі. Осы сандарға қарап білімнің орны Алланың құзырында айрықша мәртебеге ие екенін айта аламыз.
Білім алу - Пайғамбарымыз (ﷺ) хадис шарифінде былай деген: «Ілім алу - әрбір мұсылман ер мен мұсылман әйел баласына парыз», - деген. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.