Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында Маңғыстау облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ теолог-консультанты Тулепов Азамат Нұғманұлы қылмыстық жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін «ГМ-172/6 мекемесі» РММ-де «Мазхаб - Пайғамбарға (с.ғ.с.) апаратын жол» атты тақырыпта дәріс оқыды.
Мәзһаб - жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Алайда ол ерігіп отырған біреудің «дінде бір жол салайын» деп ойынан шығара салған ісі емес. Мәзһаб - ол Алла Тағаланы құлдарына деген рақым-мейірімінің көрінісі. Мәзһаб ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мақтаған Исламдағы алғашқы үш ғасырдың бірінде қалыптаса бастаған.
Шариғатта «мәзһаб» деп арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын айтады. Әр мәзһабтың басында мүжтаһид имамдар тұрады. Мүжтаһид «ижтиһад» деген сөзден туындайды.Ижтиһад дегеніміз - ғалымдардың белгілі бір мәселеде құран, хадис, ижмағ, қиас секілді шариғи қайнаркөздерден діни үкім шығаруы.
Негізгі шариғат біреу және ол өзгермейді. Бірақ кейбір тармақ мәселелер бойынша түрлі мәзһабтардың пайда болуы заманның да, адам табиғатының да қажеттілігі еді. Мысалы, Аллаға сену, дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау секілді негізгі шариғатта ешбір мәзһабта айырмашылық жоқ. Барлық мұсылман дәрет алады.
Бастарына мәсіх тартады. Алайда басқа мәсіх тартудың көлемі жағынан мәзһабтар арасында өзгешіліктер байқалуы ықтимал. Ханафида шаштың төрттен біріне мәсіх тартылса, Шафиғида шаштың кішкене бір бөлігіне су тисе жеткілікті. Ал имам Ханбали мен имам Мәликимәзһабтарында басты түгелдей мәсіх ету парыз.
Мысалы, мұсылмандардың бәріне Мәлики мәзһабындағыдай дәрет алғанда бастарына түгелдей су тигізіп мәсіх тарту парыз болғанда, солтүстік полюске жақын аймақтардағы намаз оқушыларға қыстың аязында күніне бес уақыт дәрет алу қиынның қиыны болар еді. Шафиғи мәзһабы - олар үшін үлкен жеңілдік. Сондықтан болар, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ғұламалардың пікір қайшылығы - Алланың рақымы» деген.
Қорыта айтқанда қазіргі таңда Ирак, Түркия, Орта Азия, Ауғанстан, Кавказ, Үндістан, Қытай, Мысыр, Сирия, Солтүстік Африка елдерінде Ханафи мәзхабы кеңінен тараған.
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.