Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» ҚҚ теологы теледидарда сұхбат берді

«Ақниет» АНОО-ның деструктивті және радикалды діни идеологияның жақтаушыларымен түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде Атырау облысы бойынша «Ақниет» орталығының теолог-маманы Боханов Наркес Бақытжанұлы «ATYRAY» телеарнасы «Дінде зорлық жоқ» бағдарламасында cпикер ретінде сөз сөйледі. Боханов Наркес телебағдарламада «Отан отбасыдан басталады», «Отбасыны бақытты қылу үшін кім үлкен рөл атқарады?», «Неге шариғатымыз бойынша әйелі күйеуіне бойұсыну керек?» тақырыптарын талқылауда атсалысып, сұрақтарға жауап берді.

 

Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы - исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (ﷺ) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі - отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.

 

Ардақты пайғамбарымыз (ﷺ): «Ер кісі отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты» деген. Осыған қарап ақ отбасы мүшелерінің өзара міндеттерін исламда анық көрсетілген. Отбасын асыраушы ретінде ер адамның жауапкершілігін айқындап өткен. Тағы да тағылым тұнбасы-хадистерде: «Әйел өз үйі мен балаларының бақташысы, сол үшін жауапты» деп, әйелді отбасы берекесінің ұйтқысы, ұйыстырушысы ретінде белгілеген.

 

Отбасындағы адамдардың өзара рөліне тоқталған. Қасиетті Құранкәрімде отбасына байланысты тұтас айттар бар. Ислам дінінде осылайша отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы реттелген. Отбасы қарым-қатынастарының тұтас қоғамға әсер ететіндігі баяндалады. Егер отбасы тату болса, қоғамда да тұрақтылық орнайды. Отбасында ынтымақ болса, қоғамда да бірлік пен тыныштық салтанат құрады. Отбасы мәселесі сол қоғамға айырықша әсер етеді.

 

Ислам діні үлкенді сыйлауға үндейді. Жастардың үлкендердің ақылын тыңдап, оларға құрмет көрсетуді насихаттайды. Отбасы бала тәрбиесінің ұйтқысы екендігіне ерекше тоқталады. Тәрбие бастауы отбасыдан басталады. Отбасы тәрбиесінің тамаша үлгісінен ұлағатты ұрпақ өсіп шығады. Қазақта: «Отан - отбасынан басталады», «Өз үйім - өлең төсегім», «Екі жақсы қосылса аймен күндей» «Үйде береке болса, дастарханда берекет болады» деген ұлағатты сөздер бар.

 

Мұнда отбасы құндылықтары мен үлкенді сыйлау, береке мен ынтымақ мәселесіне зор баға берілген. Халқымыз тектілікке ерекше маңыз берген. Текті болу дегеніміз-өнеге мен әдептіліктің ғасырларға жалғасқан үрдісін сақтауға жатады. Қазақ халқында ислам дінімен ұштасқан, тамаша қалыптасқан отбасылық тәрбиенің озық үлгісі бар. Тәрбиенің бұл тамаша озық үлгісі ғасырлар сынынан өткен, ұлағат пен өнеге сіңген зор тағылымдардың құндылығының жиынтығы деуге болады. Отбасы бірлігі бекем болса болашағымыз да баянды, ұрпақ тәрбиесі де ұлағатқа толы болмақ.

 

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.