Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде теолог-консультант Тайтелиев Файзулла Тажмұхаммедұлы «ИЧ-167/4 мекемесі» РММ қызметкерлері үшін «Отбасы - отанның ошағы» тақырыбында дәріс оқыды.
Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан - отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасынан жаман мен жақсыны айырып өскен тәрбиелі жанның мемлекет үшін баға жетпес байлық екендігі де даусыз. Мейірімділік пен қайырымдылық секілді адами қасиеттерді бала бойына сіңіру отбасында жүзеге асатын қасиет. Мейірімді жан - қоғамға қайырымын төгетін тұлға. Яғни, өзгеге жақсылық жасау қолынан келетін адам.
Ата-бабаларымыз, олардың көзін көріп өскен асылдың сынығы болған әкелеріміз бен әжелеріміз ұлттың қауіпсіздігін қорғауға зор үлес сіңірген жандар десек те, артық айтпаған болар едік. Өйткені, олар өздерінің саналы ғұмырын, бар күш-қуатын ұрпағының есті адам болып өсуіне арнады. Өздерінің қарақан бастарының қамын күйттемей, кейінгі ұрпағының тәрбиелі әрі ата-бабасының ісіне беті қызармауының қамы үшін ар тазалығын бәрінен де жоғары қойды. Ұрпағын да ар тазалығымен тәрбиелеуге ерекше мән берді (Сөзімізге осы мағынадағы этнологиялық мәні биік мақал-мәтелдер, даналық сөздер дәлел бола алады). Сондықтан да, дархан байтақ даламызды атүстінде жүріп, найзаның ұшымен ғана қорғап, кейінгі ұрпаққа аманаттап кеткен рухты іс түзу тәрбиенің жемісі болса керек-ті. Ата-ана баланы ел мен жерді қастерлеуге тәрбиелеген. Ел мен жерді қадірлей білген сана батырлық рухты оятқан.
«Отбасы шағын мемлекет» демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Атам мен әжемнің тоғыз балалары бар. 31 немерелері, 5 шөбересі бар. Мен атамның бірінші ұлының қызымын. Біз бір әкеден алтаумыз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз - әкем, қамқоршымыз - анам.
«Әке- асқар тау,
Ана- етегіндегі бұлақ,
Бала-жасындағы құрақ» -деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын.
Әкем 20 жылдан бері мектепте мұғалім болып, анам ауруханада дәрігер болып елге адал қызмет еткен жандар. Мемлекеттік қызмет атқара жүріп, балаларына жақсы тәрбие бере білді. Еркелігімізді, аяқ шалынған .қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білгендер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз.
Отбасы мақтанышы дегенде ең бірінші мақтанышым деп ата-анамды айтар едім. Ата-анам балалары үшін жақсылықтың жаршысы бола білді. «Жақсы әке балаға 40 жыл азық» деген балалары «менің әкем», «менің анам» деп үлгі тұтып, мақтаныш етіп, ата - ана «міне менің балам» деп отырса бұл отбасы мақтанышы болып есептеледі. Қыз баланың тәрбиесінде ананың рөлі басым болады. Менің анам бізге қыз балаға тән нәзіктікті, ең бірінші «әкелеріңді сыйлаңдар, ренжітпеңдер, «келеріңнің қарғысын алмағдар» деп айтып, әкені сыйлауды, жалпы ер азаматты сыйлауды үйреткен.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі - тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі - баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.
Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Ой қорытындысы, «Отбасының жемісі - тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсын. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесім кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.