«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде Батыс-Қазақстан облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-кеңесшісі Данаева Назгүл Медерқызы Орал қаласының дәстүрлі емес діни ағымды ұстанып жүрген азаматшаларға арналған «Адам миының ғажайып мүмкіндіктері» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізді.
Өткізілген психологиялық тренингтің жалпы мақсаты қатысушыларға адам миының қызметі мен шексіз мүмкіндіктері туралы ақпараттармен таныстыру. «Адам миының құрылысы». Адам миының құрылысы таныстырылып, пайдалы әрі қызықты ақпараттар берілді. «Адам миының атқаратын қызметі». Адам миының атқаратын қызметтері туралы талқыланды. «Мидың жұмысын жақсартуға болады ма?». Бұл бөлімде жаттығулар жасалынды. «Сол қолдың сыры», «Жасырын бір сан» бұл жаттығулар ми жұмысын жақсартып қана қоймай сабаққа қатысушылардың көңіл - күйін де көтерді. «Сырлы сұхбат» бөлімінде қатысушылар сабақтан тыс өздерін мазалайтын басқа да сұрақтарға жауап алды.
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.