Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» ҚҚ өкілдігінің офисінде діндарлармен теологиялық сабақтар өткізілді

«Өңірлерде түсіндіру және сауықтыру жұмыстарының бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысындағы «Ақниет» ҚҚ өкілдігінің теолог-маманы Данаева Назгүл Медерқызы «Ахлақ пен Ақиданың байланысы» тақырыптарында теологиялық дәрістер өткізді. Дәрістер аталған облыстағы «Ақниет» ҚҚ өкілдігінің офисінде болды.

 

«Жақсы сипаттар». Шын сөйлейтін адам - шыншыл, қиянат жасамайтын адам - аманатшыл, уәдеге берік адам - уәдеде тұрушы, кішіпейілдік танытқан - кішіпейіл, сабырлық танытқан - сабырлы, турашыл адам - турашыл мұсылман.

 

«Жаман сипаттар». Сараңдық жасаған - сараң, өтірік айтқан - өтірікші, қиянат жасаған -қиянатшыл, уәде бұзған - уәде бұзушы (мұнафықтық сипат), тәкаппарлық танытқан - тәкаппар, шыдамсыз адам - сабырсыз, екі жүзді адам - мұнафық.

 

«Ахлақтың ақидамен байланысы қандай?». Пайғамбар (ﷺ) ақидасындағы адамның мінезі нағыз мұсылмандық сипаттармен сипатталуы керек. Ақыретке сенген адам барлық істерін ақыретпен байланыстырады. Себебі, әрбір адам, жасаған әрбір амалы үшін ақырет күні Алланың алдында есепке тартылады. Сол себепті де иман келтіргеннен кейін, әрбір іске «мурақаба» жасап, есепке алу қажет. Пайғамбарымыздан (ﷺ) - сахабаларға (р.а), сахабалардан (р.а) - табиғиндерге, табиғиндерден - таба-табиғиндерге пайғамбар (ﷺ) ақидасы шынайы сенім тізбегімен жеткен.

 

- Пайғамбарымыздан (ﷺ) - сахабаларға (р.а), сахабалардан (р.а) - табиғиндерге, табиғиндерден - таба-табиғиндерге пайғамбар (ﷺ) ақидасы шынайы сенім тізбегімен жеткен;

 

- Ахлақ дегеніміз - кез-келген  іс-әрекеттің нәтижесі;

 

- Жақсы сипаттар: Шын сөйлейтін адам - шыншыл, қиянат жасамайтын адам - аманатшыл, уәдеге берік адам - уәдеде тұрушы, кішіпейілдік танытқан - кішіпейіл, сабырлық танытқан - сабырлы, турашыл адам - турашыл мұсылман;

 

- Жаман сипаттар: Сараңдық жасаған - сараң, өтірік айтқан - өтірікші, қиянат жасаған -қиянатшыл, уәде бұзған - уәде бұзушы (мұнафықтық сипат), тәкаппарлық танытқан - тәкаппар, шыдамсыз адам - сабырсыз, екі жүзді адам - мұнафық.

 

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.