Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» ҚҚ өкілі «Жусан» репатрианттарына арналған семинарда сөз сөйледі

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде Шымкент қаласындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-консультанты Тайтелиев Файзулла Тажмухаммедұлы «Жусан» репатрианттарына арналған семинар жұмысына қатысты. Іс-шара Шымкент қаласы Дін істері басқармасының конференц-залында ұйымдастырылды.

 

Семинар барысында Файзулла Тайтелиев балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлі туралы дәріс оқыды. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.