Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» ҚҚ өкілі жастарға арнап дәріс оқыды

Түркістан облысындағы «Ақниет «ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің басшысы Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы «Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында «Қазіргі саләфилік дүниетанымның кері әсері және олармен күрестегі қағидалар» тақырыбында пробациялық бақылауда жүрген жастарға дәріс оқыды.

 

Қазақстан қоғамында халықтың басым көпшілігі ұстанатын дәстүрлі діннің ханафи мәзһабының сүннит бағытындағы ислам және провославтық бағыттағы христиандық тарихи түрде қалыптасты. Қазақстан зайырлы ел бола тұра, мемлекет өз азаматтарына сол немесе басқа діни ғұрыптарды орындауға кедергі келтірмей, діни наным-сенімін еркін таңдау құқығын беріп отыр. Егер, әрине, мұның бәрі елдің тиісті заңнамасына қайшы келмесе.

 

Осы тұрғыда өзінің діни түсініктерін Қазақстанның барлық азаматтарына таңғысы келетін және өзге діндегілер мен атеистерге өшпенділікті насихаттайтын сәләфилік ағым қызметі елдегі қалыптасқан конфессияаралық және ұлтаралық бірлікке, қоғамның тұрақтылығына шынайы қатер төндіреді.

 

Жалпы алғанда «сәләфилік» атауы тарихи тұрғыда дінге сенушілерді «алдыңғы өткен буынға», «сәләфтарға» яғни, Мұхаммед пайғамбардың (Оған Алланың сәлемі мен рахметі болсын) серіктеріне (сахабаларына) және олардың ізбасарларына (табиғиндерге) бағдарлануды бұйыратын исламдағы бағытты білдіреді. Егер сәләфиліктің мәні дәуірлер өте келе бұрмаланбаса, мұнда еш айып та болмас еді. Бүгін бұл ағым халықтар мен мәдениеттердің арасына өшпенділік отын салып, өз көзқарастарына сенбейтіндерге қарсы ымырасыз соғыс жүргізетін бұрмаланған идеологияны ұстанушы радикалды топты білдіреді.

 

Бүгінгі сәләфилердің басты ерекшелігі - исламның түп қайнары болып табылатын Құран мен сүннетті түсіндіруде сыртқы көрініске мән беру және дүмшелік. Сәләфилер, атап айтқанда, шынайы өмір туғызған кез келген және барлық жаңалықтарды теріске шығарып, Мұхаммед пайғамбар (Оған Алланың сәлемі мен рахметі болсын) мен оның сахабалары өмір сүрген кезеңдегі ислам қағидаларымен өмір сүруге шақырады. Олар әулиелердің мазарларына баруға тыйым салады, мұны өлгендерге табыну деп есептейді.

 

Пайғамбарға (Оған Алланың сәлемі мен рахметі болсын) жалбарынуға ширктің (пұтқа табынудың) бір көрінісі деп қарайды. Оған қоса, олардың көзқарасы тұрғысында, кез келген музыка, барлық театрланған көріністер мен спорттың кейбір түрлері тыйым салынған.

 

Догмалық сәләфиліктің исламның байыпты ханафиттік ағымынан басқа да бірқатар қағидаттық айырмашылықтары бар. Ортодоксалдық сәләфиліктің бұрмаланған идеялары Қазақстанға өткен ғасырдың 80-жылдарының өзінде-ақ ене бастаған. Ал 2000-жылдардың басында еліміздің түстік өңірлерінде бірқатар сәләфиттік жамағаттар қалыптасты. Бұл ретте көптеген елдерде бұл ағым экстремистік болып танылғанымен, Қазақстанда сәләфилік ағымға әлі күнге дейін тыйым салынбай келеді.

 

Қазіргі таңда ҚР-нда бұл ағымды халық қолдамайды, оның үстіне, басым көпшілігі оны теріске шығарады, өйткені бұл ағым өкілдері өзін қоғамға және мемлекетке қарсы қояды. Бағзы замандардан бері қазақтар өздерін тағатты әрі қонақжай халық ретінде көрсетті, қазақ топырағында радикалдық көзқарастар қабылданбайды. Өйткені, Қазақстанда наным-сенімі мен көзқарасы әртүрлі, бірақ бәрінің басын біріктіретін тарихы мен тағдыры ортақ көптеген ұлттардың өкілдері тіршілік етеді.

 

Сәләфилікті насихаттау болашақ жалдаптардың санасын кәсіби психологиялық өңдеуге және олардың теологиялық надандығына құрылады. Сәләфилікті ұстанушылардың жаңа тобы тиісті діни білім жоқ, бірақ психология негіздерін шебер меңгерген жалған атақты «ұстаздардың» күшжігері арқасында қалыптасады. Соның салдарынан Құранды және Пайғамбардың (Оған Алланың сәлемі мен рахметі болсын) хадистерін еркін түсіндіру, олардың мәнін бұрмалау және осы мифтік парадигмаларды бүгіннің шындығымен байланыстырып, ақиқатқа бұрмаланған негіздер енгізу тыңдаушыларды ислам сенімінің жалған иірімдеріне салады.

 

Ислам өркениетінің біршама тоқырауға ұшыраған кезеңі еді. Ибн Таймия бұл тоқыраудың себептерін қарастыра, сондай-ақ исламның басымдығын қайта жаңғырту жолында тынымсыз іздене отыра, өзінің салафилік идеясына негізделген доктринасын түзді. Алайда, Ибн Таймия философиясы өз дәуірінде ешбір қолдау көрмейді. Соған қарамастан, соңғы кездері Ибн Таймия тәлімінің барлық идеологиялық және методологиялық принциптері Исламдағы түрлі реформаторлық мектептер жағынан қолдауға ие екені белгілі. Солардың бірі - XVIII ғасырдың бірінші жартысында Сауд Арабиясының Нежд өлкесіндегі Рияд кенті маңында дүниеге келген Мұхаммед ибн АбдулУаһһаб ибн Сүлеймен.

 

Ол ханбали мазһабының негізінде алғашқы діни білімді өз әкесінен алып, Құран Кәрімді жаттап алады. Кейін Мекке, Мәдине, Басра, Бағдадта ілім алды. Өмірінің көп уақытын ел арасында саяхаттап, бірқатар елдерді аралап: «Мұсылмандар шектен тыс зираттарға, ескерткіштерге, ағаштарға табынып, негізгі ислам дінінен алыста жатыр» деген ұранмен үгіт-насихат жүргізе бастайды.

 

Жиырма жасы шамасында Басрада ол мұсылман жұртшылығына исламдағы «тек бір Құдайға» сыйыну нормасына қайтуға үгітін жүргізе бастайды. Бірақ оның үгітін құптамастан, оны қаладан қудалайды. Ибн Абдул Уаһһаб өзінің саяси қолдауын Бани Ханифа тайпасынан шыққан жергілікті ад-Дарияның ханзадасы - Сауда ұлы Мұхаммедтен және оның өлімінен кейін оның ұлы Абдул-Азиз ибн Мұхаммед ибн Сауда тарапынан табады. Өз идеологиялық және методологиялық принциптерін уағыздай келе, оны қолдаушылары мен қарсылас дұшпандары да арта түседі.

 

Теолог Абдул Уаһһаб пен саудид тегінің «одақтастығы» осы идеяларды іске асыруға негізделді. Кейінірек саяси қуат алған Абдул Уаһһаб пен саудид тегінің «одақтастығы» Араб түбегінде біртұтас араб мемлекетін құру мақсатында жікке бөлінген араб тайпаларын олардың үстінен өктемдік жүргізіп отырған Осман империясынан азат ету мақсатында күресу туына айналады. Османдық империядан азат етіп, Сауд Араб мемлекетін құру мақсатымен Араб жазирасында суфилік пен уаһабиліктің жақтастары арасында үлкен қан төгіс орын алады. Өйткені, суфилік идея Осман империясы мұсылмандары өмірінде кең таралған еді.

 

Қазіргі кезде әлемге үрей салып, адамзат қоғамын алаңдатқан діни экстремизм біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі. Адам өміріне тікелей қауіп төндіретін жат ағымдардың әр қырын ашып көрсету үшін, экстремизмге интермелеу мүмкіндігі бар діни ағымдардың қызметіне жекежеке қарастыруды қажет етеді. Сондай ағымның біріне Мадхалиттік ағымды жатқызсақ болады.

 

Мадхализм - 1990 жылдары Сауд арабиясында пайда болған салафиттік ағым. Мадхалиттерді «жама’ат ул-Мадина» немесе «табдиғшылар»деп те атайды. Ағымның атауы оның негізін қалаушы Раби ибн Хади әл-Мадхалидің есімімен тікелей байланысты. Сонымен қатар мадхалиттердің атақты мынандай ғалымдары бар: Ибн Бааз, Ибн Усеймин, Албани, Солих әлФаузан, Мухаммад бин Абдуль Уаххаб, Ибн Таймия және оның шәкірті Ибн Кайим.

 

Мадхализмнің пайда болуына әсер еткен ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы Сауд Арабиясы билігінің саяси ұстанымы еді. Бұл жайында заңгер-дінтанушы Мұхан Исахан «..Ирак билеушісі Саддам Хусейн Кувейтті окупациялағаннан кейін, Сауд Арабиясы Бағдаттың әскери әрекетінен қауіптеніп...Ирак Хизаж аймағына әскери шапқыншылық жасар болса, АҚШ Саудияны қорғайтын болып келісім жасалды. Осының нәтижесінде қасиетті Қағбаны иелік еткен ел Протестанттық алпауыт мемлекетке (АҚШ) протекторат ретінде бағынышты болды. Саудия үкіметінің бұл шешіміне наразы болған Ахмет (Мұхаммед) Сурури бастаған діни азшылық топ король билігін «кәпірге» шығарды.

 

Олардың пайымынша, мұсылман мемлекеті өзге дін өкілдерімен ауыз жаласпай, өзіндік мұсылмандық мүддені қорғауға тиісті-тін. Ал, биліктің саясатын жақтаған Мұхаммед Мадхали бастаған топ Сурурияның ұстанымын терістеді. Тіпті, Албани секілді Мадхалия өкілдері Сурурияны «Үмбеттің Хауариждері» деп атады». Мадхалилер Суруриттерге қарсы шығу арқылы Сауд билігінің алдында өздеріне ұпай жинай алды. Бұл әрекет өз кезегінде мадхалиттердің кеңінен таралуына мүмкіндік берді.

 

Мадхалиттердің қазіргі кезде әлемнің барлық дерлік елдерінде өз жақтастарын көбейту үшін белсенді жұмыс жасап жатқан белгілі. Тіпті Қазақстан Республикасы аймағында да ағымның қарқынды жұмыстары жүргізілуде. Мадхалиттердің әрекеті белсенді, әрі табысты жұмыс жасауына заңды айналып өтуге және діни сауаттылығы төмен адамдарды алдауға мүмүкіндік беретін «тақия» ұстанымы.

 

Өкінішке орай дәл осы «тақия» ұстанымы туралы түсінікте мадхалит, сурурит секілді сәлфиттік бағыттар мен АҺли сунна уал жамағаттың арасыда үлкен айырмашылық бар. АҺли сунна уал жамағат бойынша тақия дегеніміз – мұсылманның қандай да бір қауіп төнген жағдайда, өмір мен өлім арасында қалғанда, аман қалу үшін иманын уақытша жасыруы. Тақия үкімі тек мұсылманның иманы үшін айыпталып, басына қауіп төнгенде ғана еріксіз орын алатын әрекеті.

 

Мұсылман еріксіз, мәжбүрлікпен иманын сырттай жасырғанымен, жүрегімен иман келтіріп тұруы керек. Ал мадхалиттік бойынша «тақия» ұстанымы тәжірибеде қолдануы әлде қайда кең, әрі тақияның исламдағы шынайы қолданысынан бірқатар айырмашылықтары бар. Мысалы, матхалиттер «тақияны» мәжбүрліктен иманын жасыру үшін емес, өзінің мадхалитсәләфит екенін жасыру үшін ғана қолданады. Яғни, қазіргі кейбір зайырлы, дін ұстануға толық мүмкіндігі бар, бірақ белгілі бір мөлшерде сәләфиттік көзқарастарға қарсы кедергілер боған жерлерде мадхалилер өздерінің шынайы келбетін, мақсатын ашып көрсетпеуге тырысады. Ислам дінінде бұл әрекет екіжүзділік болып саналады.

 

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.