Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» ҚҚ өкілі полиция қызметкерлеріне дәріс оқыды

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде Қызылорда облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің басшысы Қайыпов Ислам Маратұлы «ҚР ІІМ Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ қызметкерлеріне дәріс оқыды.

 

Ислам Маратұлы өз сөзінде: Диструктивті-радикалды ағымдардан қорғануда не үшін ұлттық менімізді, болмысымызды сақтауымыз керек? Қазіргі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы дер кезінде көтерілген, өйткені өзгерместен жаңғыруымыз керек. Қалай? Оның бір-ақ ұстанымы бар, ол - тарихилық. Ол саяси детерминизмге де, діни радикалдық экстремистік тенденцияға да жауап береді. Елімізде соңғы кездері диструктивті діни ағымдар мен секталардың, радикалды ағымдардың саны артып отыр. Қоғамда дәстүрлі емес, экстремистік, радикалды, мистикалық, экумендік ағым өкілдері ең маңызды қоғамдық және саяси мәселелердің негізіне руханият жататындығын жақсы болжап отыр. Сондықтан олар діни таным негізінде, жалпы дін құбылысы арқылы қоғамда жік тудырып, тыныштық пен тұрақтылықты саяси, ұлттық, экономикалық және әлеуметтік қайшылықтағы қабаттарға бөліп, ыдыратуды көздейді-деді.

 

https://www.instagram.com/p/CZhBRUmMc2y/?utm_source=ig_web_copy_link

 

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.