Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» ҚҚ өкілі радикалды идеология жайында лекция оқыды

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Жезқазған қаласы бойынша өкілдігінің басшысы Нұрмұқан Жасұлан Нұрланұлы «ҚР ІІМ Қарағанды облысы ТЖД Сәтбаев қ. төтенше жағдайлар бөлімі» ММ қызметкерлеріне «Дәстүрлі дін мен радикалды идеология» тақырыбында лекция оқыды.

 

Лектор кездесу барысында қазіргі таңда кең қолданысқа ие «дәстүрлі дін» ұғымына анықтама беріп, Қазақстан халқы үшін дәстүрлі дін санатына кіретін діндерге тоқталып, қысқаша шолу жасап өтті. Сонымен қатар, жаһандық масштабтағы өзекті мәселелердің біріне айналған «радикалды идеология» түсінігі қарастырылып, оның қаупі жайында кеңінен тарқатылды. Қоғамның бірлігіне, мемлекеттің тұтастығына сызат түсіретін бұл құбылыс елімізге де зиянын тигізбей қоймады. Тәуелсіз статустағы отыз жылдықта радикалды идеологияның таралу хронологиясына тоқталып, төнген қауіп пен тигізген салдары жайлы да біршама ақпарат берілді.

 

Сондай-ақ, Ж.Н.Нұрмұқан кездесуге қатысушыларға «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорымен дайындалған тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетіп, дін саласындағы мемлекеттік саясатты айқындайтын ресми құжаттардың қоғамда атқаратын функциясы жөнінде түсіндіріп өтті. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.