Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» ҚҚ өкілі сотталған діндарларға исламның құрылымы туралы айтып берді

Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің басшысы Абаков Аслан Мұратұлы «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» гранттық жобасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысындағы «ОВ-156/2 мекемесі» РММ-де сотталған сенушілерге «Ислам структурасы» теологиялық сабағын өткізді.

 

Ислам дінін дұрыс түсіну мақсатында сұхбат ислам структурасы тақырыбы барысында жүргізілді. Сұхбат жалпы ислам дінінің басталуы мен таралуы жайында сөз қозғалып, кесте ретінде сызылып көрсетілді.

 

Ислам структурасы қысқаша түсіндірсек ислам деген ол дін ал сол дінді ұстанатындарды мұсылмандар деп атайды. Ал сол мұсылмандар сүнниттік бағытты ұстанатындар мен шийттік бағытты ұстанатындар деп екіге бөлінеді. Ал сүнниттік бағытты ұстанғандар олар діни терминалогияда тура жолдағылар және адасқан жолдағылар деп бөлінеді. Тура жолдағыларды алатын болсақ олар өздері саляфтар(алдынғылар) және халяфтар(кейінгілер) деп бөлінеді. тура жолдағылар саляфтар(алдынғылар) және халяфтар(кейінгілер) деп екіге бөлінеді. Енді осы саляфтар кімдер және біз соларданбыз деп айтсақ бола ма деген сұраққа жауап іздесек.

 

Саляфтар дегеніміз Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадисінде келегендей сахабалар, табиғиндер, табаға-табиғиндер жатады. Сахбалар дегеніміз Пайғамбарды (ﷺ) көзімен көріп, сұхбатына қатысқандар. Табиғиндер сахабаларды көргендер ал табаға-табиғиндар табиғиндарды көргендер. Яғни саляфтар Пайғамбарымыздың (ﷺ) заманынан кейін 3 ғасыр (300 жыл) өмір сүрген адамдарды айтады. Сондықтан адам өзін мен саляфпын деу үшін сол заманда өмір сүрген болу керек немесе сол заманда өмір сүрген саляф ғалымдардың жолын ұстану керек. Осы екі жағдайдың біріншісі яғни сол заманда өмір сүру мүмкін емес сондықтан біз екінішісін ұстанамыз яғни саляф ғалымдарының жолын ұстанамыз. Ал бұл жерде Әбу Ханифа бар.

 

Ол 80-150 хижра жыл санауы арасында өмір сүрген және 4 сахабаны көріп солардан білім алған табаға-табиғин болып есептеледі. Әбу Ханифа білімі жағынан табиғин болса, жасы жағынан табаға-табиғин болған. Сол себпті біз Әбу Ханифаның жолын ұстанамыз яғни саляф ғалымының жолын ұстанамыз. Ал Ибн Тамия болса 661-728 хижри өмір сүрген саляфтарға кірмейді, 4 ғасыр жетпейді. Ал халяфтар дегеніміз кейінгілер яғни саляфтан кейінгі уақыт пен сол кезден бері қарай өмір сүрген мұсылмандарды айтады.

 

Саляфтардың заманы мен уақыты шамамен 220-250 хижриде аяқталды содан бері халяфтардың уақыты мен заманы болып келе жатыр. Осы кезде әлемге әйгілі, әлем мұсылмандары мен ғалымдары мойындаған, ислам дінін басқа ағымдар мен адасулардан қорғап, сақтап қалған Атақты Имам Тахауй, Имам Матуриди, Имам Ашғари өмір сүрді. Олар өздерінің ғылыми жолдарын салып, әлем мұсылмандары ұстанатын Матуриди мен Ашғари деп талатын екі ақида мектебін салып кетті.

 

Бұл үш ғалым да өздерінің ұстанымдары мен діни негіздерін Әбу Ханифаның «Фиқху әл-Акбар» атты кітабынан негіздеді. Әбу Ханифаның кітабын ашықтап, түсіндіріп кетті. Яғни Матуриди ақидасы мен Ашғари ақидасы Әбу Ханифа арқылы өткен Пайғамбарымыздың (ﷺ) ақидасы деген тұжырым. Сондықтан біз Матуриди ақидасын ұстанамыз десек, демек, Пайғамбар (ﷺ) ақидасын ұстанамыз деген сөз. Себебі Имам Тахауй, Имам Матуриди, Имама Ашғари Әбу Ханифа кітаптары арқылы  Пайғамбар (ﷺ) ақидасын жеткізген.

 

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.