Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі басшысы Маткаримов Жеңіс Әбибуллаұлы Қызылорда облысы бойынша полиция департаментінің «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-нің қамқорлығымен өткен «Суицидтің алдын алу» және «Өмірдің 7+1» семинар жұмысына қатысты. Семинарда Жеңіс Әбибуллаұлы суицидтің алдын алу туралы дәріс оқыды.
«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі басшысының семинар жұмысына қатысуы Қызылорда облысы бойынша МКҚБ ММ-нің Instagram-дағы ресми парақшасында атап өтілді.
Біз аталған семинар жұмысына арналған жарияланымның көшірмесін жасаймыз.
Семинар-«Суицидтің алдын алу» және «Өмірдің 7+1» құндылығы тақырыбында 2021 жылдың шілде айнының 13-14 және 16-шы жұлдыздарында, Қызылорда облысы МКҚБ ММ-нің басқару аппараты қызметкерлерінің және ПБ-ның жеке құрамының бойында өз-өзіне қол жұмсау ойларын болдырмау, мінез-құлық агрессияларының алдын-алу, қиын жағдайда оң шешім қабылдауға пікір қалыптастыруға үлес қосу мақсатына, КСБ-нің аға испектор психологі полиция капитаны Аленова Қарлығаш Табынқызы мен ПБ-ның аға инспектор психологі полиция капитаны Айжанова Гүлханым Сейтханқызының ұйымдастыруымен семинар - кеңес өткізілді.
Кеңеске: Қызылорда облысы МКҚБ-сы ПБ-ның командирі полиция подполковнигі Жұмабеков Алтынбек Аманбайұлы, «Ақниет»АНОО-ның Қызылорда облысы бойынша жетекшісі, Облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Жеңіс Әбибуллаұлы, Қызылорда қаласының Айтбай мешітінің наиб имамы Жубанов Аскар Алмасович, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті психология ғылымдарының кандидаты, «Ақниет»АНОО Оңтүстік өңір бойынша психолог - кеңесшісі Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы қатысты.
«Суицид қоғам қасіреті» «Ақниет»АНОО-ның Қызылорда облысы бойынша жетекшісі, Облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Жеңіс Әбибуллаұлы, Қызылорда қаласының Айтбай мешітінің наиб имамы Жубанов Аскар Алмасович баяндама оқыса, «Өмірдің 7+1 құндылығы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті психология ғылымдарының кандидаты, Ақниет қоғамдық қорының психологі Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы тренинг өткізіп, кеңес беріп өтті.
ПБ-ның КҚжДШДЖ аға инспекторы полиция капитаны Ж.Оразымбетов пен полиция қызмет инспекторы Б.Баймурзаев наиб имам мен психолог ханымға өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Суицидтің және экстремальды жағдайлардың алу мақсатында, алдағы уақытта жоспарға сәйкес қосымша жұмыстар жүргізіп ұйымдастырылады-деп аға инспектор психолог полиция капитаны Қ.Аленова өз сөзін аяқтап қорытындылады.
Назарларыңызға рахмет!
https://www.instagram.com/p/CRanehoLqsd/?utm_source=ig_web_copy_link
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.