Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Абайды оқысаң – адаспайсың, Шәкәрімді танысаң - шатаспайсың!

 

 

Орыс халқы үшін – Александр Пушкин, ағылшындар үшін – Уильям Шекспир, немістер үшін – Иоганн Гете, америкалықтар үшін – Уолт Уитмен қандай болса, қазақстандықтар үшін Абай да – сондай рухани ұлы тұлға.

Абай Құнанбайұлының 8-ші қара сөзінде «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат дәфғы мұзарратларны айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала... иман дегеніміз бір ғана инанмақтық емес, сен алла тағаланың бірлігіне, уә құранның оның сөзі екендігіне, уә пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салаллаһу ғалайһи уәссәлләм оның тарапынан елші екендігіне инандың» десе, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» яғни адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді… өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс — ұждан. Ұждан дегеніміз — ынсап, әділет, мейірім.

Енді осыны жасаған адам болса, қазіргі қоғамның адамдары да діни танымды, діннің ішкі мазмұнымен ұштастыра отырып, Абай мен Шәкәрім немесе осындай заңғар тұлғалардың салып кеткен жолын, әрі қарай жалғастыру ұрпақтың борышы болса керек.