Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Ақниет» ҚҚ-ның өкілдері оқыту семинарында сөз сөйледі

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай механизмдерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жоба аясында Алматы облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ры өкілдігінің басшысы Молдахметов Рүстем Әуелханұлы және осы өкілдіктің теолог-консультанты Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарының жұмысына қатысты.

 

Бұл туралы Алматы облысының дін істері басқармасы өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

 

Бүгін «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ мен «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығының бірлескен жоспарына сәйкес семинар өтті. Өңір теологтарына арналған «Радикалды идеологияның алдын алу және оған жол бермеу» атты семинарға Ескелді, Көксу аудандары мен Талдықорған, Текелі қаласынан жалпы саны 15-ке жуық теолог мамандар қатысты.

 

Аталған семинардың мақсаты – «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығының азаматтарды радикалды көзқарасынан қайтарудағы қолданатын «дерадикализация алгоритмі» әдістері жайында кең ауқымды түсінік беру.

 

Шара барысында «Ақниет» орталығының Алматы облысы бойынша өкілі Рүстем Молдахметов пен орталықтың теолог докторы, «Нұр-Мүбәрак» ЕИМУ ұстазы Нұржан Стамбакиев, сондай-ақ, Алматы облысы дін істері басқармасының бас маманы Диана Алтыбаева тақырып төңірегінде сөз қозғады.

 

Семинар соңында мамандар өзара сұрақ-жауап алмасып, «Ақниет» орталығының өкілдеріне жақында Алматы облысы дін істері басқармасының тапсырысымен жарық көрген «Күрделі діни сұрақтарға жауап» атты кітап сыйға берілді.

 

https://www.instagram.com/p/CTwsPGzsuRQ/?utm_source=ig_web_copy_link

 

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай механизмдерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.