Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Батаменен ел көгерер

 

 

Бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің көрінісі. Бата сұрау – өзі қалаған адамнан ықылас пен ризалық, жақсы тілек пен жарасымды алғыс сұрау деген сөз. Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мұсылман адамның бауырына сырттай жасаған дұға-тілегі қабыл болады. Оның басында арнайы белгіленген періште тұрады. Кісі бауырына жақсылық тілеген кезде белгіленген періште: «Әмин! Саған да сондай жақсылық болсын», – деп тілейді». (хадисті Әбу Дарда (р.а.) жеткізген)