Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Qazaqstan joly» атты ақпараттық басылымы РММ «ИЧ-167/3 мекемесінде» өткізілген жұмыс кездесуі туралы ақпарттық хабарлама жариялады. Бұл кездесуге «Ақниет» АНОО ҚҚ Шымкент қаласындағы өкілдігінің теолог-консультанты Тайтелиев Файзулла Тажмухамедович қатысты. Біз «Qazaqstan joly» ақпараттық хабарламасынан көшірме ұсынып отырмыз.
Жуырда Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің мәжіліс залында мүдделі және мемлекеттік органдармен бірлесе ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтті.
Әділет подполковнигі Б.Мылтықбаевтың төрағалы-ғымен өткен жиынға ИЧ-167/3 мекемесінің орынбасары, САӘПТЖБ бөлімінің теолог инспекторлары, ИЧ-167/3 психолог маманы М.Балықбаева және Шымкент қаласы бойынша «Ақ ниет» ақпараттық-насихаттық оңалту орталығының теологы Ф.Тайтелиев, № 1 жалпы орта кешкі мектеп директорның орынбасары М.Қайранбеков қатысып, мекемедегі радикалды көзқарастағы сотталғандармен жұмыс жүргізу, діни адасушылықтың алдын алу т.б. мәселелер талқыға салынды.
Басты мәселе: діни экстермизм - қоғамда қалыптасқан діни құндылықтар мен ұстанымдарды мойындамау, сонымен қатар осыған қарсы «идеяны» аггрессивті түрде насихаттау. «Діни экстермизм» терминінің нақты құқықтық белгіленген «шекарасы» жоқ және ол саяси экстремизм сияқты діни догмалардың арасында қызметін жүргізеді.
Алдын алудың негізгі мақсаты: діни экстремизмге қарсы шараларды жандандыру және этносаралық байланыс-тарды нығайту мақсатында нормативті-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және патриоттық, саяси, рухани тәрбие беру.
Түзеу мекемесіндегі негізгі бағыт: діни экстремизм және терроризм бабымен сотталғандарды және деструктивті діни ағымдар идеологиясын ұстанушы сотталған азаматтарды радикалдану ниетінен арылту, бойындағы соқыр сенімінен қайтару мақсатымен мүделлі ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізу.
Қорыта келгенде, қазіргі таңдағы мекемеде жазасын өтеп жатқан радикалды көзқарастағы сотталғандарды дін мен дәстүр бірлігіне үндеп, сол бірліктен туындаған дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеуде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Сондықтан, радикалды идеологияның алдын алу жұмыстарының ең ықпалдысы дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту және азаматтардың бойына патриоттық сананы сіңдіру екендігін ұмытпауымыз керек. Оған қоса психологиялық тренингтер арқылы оларға моральдік әрі әлеуметтік, рухани жағынан көмек көрсету де тоқтамауы тиіс.
А.КАДИРОВ, ИЧ-167/3 мекемесінің режим бастығы, әділет майоры.
http://qazaqjoly.kz/?p=20223