Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Жат діни ағымға иммунитет қалыптастыру

«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Қарағанды қаласындағы өкілдігінің теологі Аманжолов Сұлтан Мауратұлы «Аймақтардағы түсіндіру және оңалту жұмыстарының біріңғай механизмдерін қамтамасыз ету» атты әлеуметтік жобасы аясында ҚР Ұлттық ұланның әскери бөлімінде «Жат діни ағымға иммунитет қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды.

 

Бүінгі күні жат пиғылды ұйымдардың жастарымызды өз қатарларына тартып, санасын ұлап жатқаны қомамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Сондықтан ата-аналар балаларының жүріс-тұрысын үнемі бақылап отырғаны абзал. Деструктивті культтердің қауіпі неде?

 

Атауындағы «деструкция» деген сөздің мағынасы - қирату, зиян келтіру. Бұл секталардың адамға келтіретін психологиялық, қаржылай т.б. зияны болуы мүмкін, өйткені бұл ұйымдардың ең басты мақсаты - адамның тұлғалық қасиеттерін қиратып, ақыл-есінен айырып, өздерінің талаптарын мүлтіксіз орындайтын құл ету. Секталардың ықпалында жүрген адамдардың көбі қалай теріс жолға түсіп кеткенін өздері де білмейді қалады.  Өз еркімен кірген болып есептеледі.

 

Жастар өмірді жаңа тани бастаған жастар жаңашылдыққа, жаңа нәрселерге әрдайым құштар болады, сондықтан олар түрлі секталардың ықпалына тез түсіп қалады. Бірақ секталар жасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан кез келген адамды өз ортасына тартатындарын айтуымыз қажет. Кез келген адам олардың қақпанына түсіп қалуы мүмкін. Бірақ, өкінішке қарай, жат ағымдардың жетегінде кеткендердің дені - жас жігіттер мен қыздар. Жас буын еліктегіш, сенгіш келеді. Осыны ұтымды пайдаланып, жат пиғылды ағымдар жастардың санасын улауда, сондықтан ата-аналар өз балаларын, олардың араласып жүрген ортасын қадағалауы тиіс.

 

Қандай да деструктивті культ болмасын, олардың жасақтаушыларының белгілері бір-біріне ұқсайды. Көбінесе, бұл кез келген жағдайда маральді, психологиялық, материалдық тұрғыда сізге көмектесуге дайын тұратын ақ пейілді, бауырмал адам. Сіздің істеріңізге қызығушылық танытып, кез келген проблемаларыңызды шешуге асығады. Бірақ қошемет сөздерін жаудырып жатса да, өз ұйымына сізден қандай пайда алуға болатынын салқынқандылықпен есептеп отырады.

 

Алдында айтқанымыздай жат ағымға тартудың бірінші түрі, бетпе-бет арбау болса, екінші түрі - бұл ғаламтормен тарту. Бұл әбден жетілдірілген аса қауіпті түрі. Себебі бала ғаламтормен бірге-бір қалады, жанында ересектер болмайды. Жас жеткіншектер ғаламтор арқылы танысып, өз араларында мәселелерді шешіп пікір алмасып жатады.

 

Соңында жастар экстремизмнің шырмауына қалай түскенін өздері де байқамайды. МГУ университетінің студенті Варвара Караулова ғаламтор арқылы жас кісімен танысып деструктивті ағымның шырмауына түскенін есімізге түсірейікші. Сонымен бірге бұл ғаламтор болғандықтан  адамның болып болмағаны белгісіз. Ғаламтор арқылы жазысу барысында араларында достық қарым-қатынас орнап, нәтижесінде өз дінін өзгертіп, ДАИШ жасақтарының қатарына қосылмақ болған. Мұның соңы әкесі дер кезінде дабыл қағуының арқасында қызын аман алып қалды. Атап өтсек әлгі қыз өзінің жазасын абақтыда өтеуде. Міне ғаламтормен танысудың қаншалықты қауіпті екендігінің айқын мысалы.

 

Біздің орталықтың тәжірибесі бойынша радикалды, діни экстремистік ойларды ұстанатын барлық жастарға тән белгілі бір жалпы себептің жоқтығын сізге ашып айта аламын. Бірақ біз экстремистік ұйымдардарға тартылатын негізгі объектілер 15-16 жас пен 30 жас аралығындағы орыс тілді азаматтардың екендігін ашық білеміз. Олардың жалған дін ұйымдарына елігуі құбылмалы яғни біз оны бір фактормен ғана айта алмаймыз. Әрбір жақтаушының өз себептері бар. Біз оларды тек нақты бір белгілері арқылы топтастыра аламыз. Бұл: психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және діни факторлар.

 

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.