Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Жезқазған студенттеріне «Дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны» атты онлайн дәріс өткізілді

Жезқазған қаласында «Аймақтарда діни түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін ұсыну» әлеуметтік жобасы аясында «Ақниет» АНОО аймақтық өкілдігінің теолог-лекторы Нұржан Ботабеков «Жезқазған тау-кен металлургиялық колледжі» оқытушылар құрамы мен студенттеріне «Дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны» тақырыбында онлайн-дәріс оқыды.

 

Дәстүрлі дінге қайшы ағымдардың қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. «Деструктивті» деген сөз - «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді.

 

Діннің атын жамылған жат ағымдардың (топтардың) мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз орталарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Тіпті өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратады.

 

Елімізде дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту мақсатында республика бойынша «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығының 19 кеңсесі жұмыс істейді. Орталық жастардың құқықтық және діни сауатын арттыру, жүйелі шаралар өткізу, діни ағартушылық бағдарламалар ұсыну, теріс ағымының радикалды көзқарасынан қайтару мақсаттарында қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, жастарға ғаламтор кеңістігінде орналастырылған сайттардағы діни мақалаларды дұрыс пайдаланудың маңызы туралы да кеңінен ақпараттар беріліліп келеді.

Өсіп келе жатқан жеткіншектерімізге ел ынтымағы мен қауіпсіздігіне зиян келтіретін жат ағымдардың зардаптарынан тереңірек ақпарат беру, олардың діни сауаттылығын арттырудың маңызы зор.

 

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.