Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Жезқазған қаласы жамағаттары арасында өткізілген футбол турнирі

«Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жастардың бойында Отансүйгіштік сезімді дамыту, сондай-ақ қазақстандық қоғамның дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау және нығайту мақсатында «AQNIET» ҚҚ өкілдері қалалық мешіт жамағаттарына арнап футбол турнирін өткізді. Турнирге Жезқазған мен Сәтбаев мешіт жамағаттарынан құралған 5 топ, жалпы 40 адам қатысты. Турнир нәтижесі бойынша, І орынды «Жылы жүрек», ІІ орынды «Медресе», ІІІ орынды «Тәуекел» командалары иеленді. Жеңімпаздар мен номинация иелері кубок, ақшалай сыйлықтармен марапатталды және де жарысқа қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары ретінде Нұржан Стамбакиевтың кітаптары табысталды.