Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Жезқазған қаласы жамағаттары арасында өткізілген Құран жарысы

«Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ әлеуметтік тапсырысы аясында діни сауаттылықты арттыру арқылы жат діни ағымдардан сақтандыру мақсатында «AQNIET» ҚҚ өкілдері Жезқазған қаласы мешіт жамағаттары арасында Құран Кәрім жатқа оқу жарысын ұйымдастырды. Сайыста жергілікті мешіт жамағаттарынан құралған 13 қатысушы бақ сынасты. Жарыста «Ахмет Ишан» мешіті ұстазы - Қосылбеков Нұрхан Бахытжанұлы, Ұлытау аудандық мешітінің бас имамы - Рахымбердиев Жанболат, «AQNIET» ҚҚ теологы Даулетбаев Думан әділқазы алқасы қызметін атқарды.

Сайыс нәтижелері бойынша жоғарғы нәтижеге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болған қатысушылар: Пернебай Олжас 3 орын, Өміртаев Бейбарыс 2 орын, Төкенов Құрмет 1 орын иеленіп, диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды, бас жүлде ретінде Ұмра қажылығына жолдама және де жарысқа қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары ретінде Нұржан Стамбакиевтың кітаптары табысталды.

Жарыс соңында Жезқазған қаласының әкімі Шайжанов Қайрат Абдоллаұлы аталмыш шараның маңыздылығы турасында сөз қозғап, жеңімпаздарды марапаттап өтті.