Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Заг: «Ұмра» қасиетті сапары

«Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ әлеуметтік тапсырысы аясында діни сауаттылықты арттыру арқылы жат діни ағымдардан сақтандыру мақсатында «AQNIET» ҚҚ өкілдері Жезқазған қаласы мешіт жамағаттары арасында Құран Кәрім жатқа оқу жарысын ұйымдастырып, сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдеге қол жеткізген Төкенов Құрмет Сәрсенбайұлына Ұмра қажылығына жолдама табысталған болатын. Төкенов Құрметтің өтініші бойынша жолдама әкесі Бактыбаев Сарсенбай Тукеновичке тапсырылды. «Ұмра» қажылығына аттанған Бактыбаев Сарсенбай Тукенович, «AQNIET» ҚҚ орталығына үлкен алғысын білдіріп, қасиетті мекеннен сәлем жолдады.