Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
Құран Кәрімнің келесі бір мақсаты Қалам сүресінің 4 – аятында былай баяндалған: «Сен ерекше көркем мінезге иесің». Құран бұйрықтарын тұла бойына сіңірген Алла Елшісі (с.а.с.) осыған орай былай деген: «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім». (Ибн Хaнбәл, ІІ, 381). Абай Хакім: «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын!», – дейді. Адамның адамдығы осы көркем мінезді көркемдеумен өлшенетіні айқын болғандықтан әрбір жан осы қасиетін шыңдау арқылы өмірлік орнын табады.