Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ресми Instagram парақшасында «Стрессті қабылдау және жеңе білу мүмкіндіктері» атты тақырыппен ҚАЖ қарасты ГМ-172/10 мекемесінде діндар сотталушылар арасында өткен психологиялық тренингті жариялады. Тренингті «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің психолог кеңесшісі Динара Руслановна Мухамбетова жүргізді.
Біз Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД өкілдігінің ресми Instagram парақшасындағы шығарылымның көшірмесін жарияладық.
«Ақниет» ҚҚ психологі арнайы контингенттер арасында оқшауланған аймақтағы сотталғандармен «Стрессті қабылдау және жеңе білу мүмкіндіктері» атты психологиялық тренинг жүргізді.
Маңғыстау облысы ҚАЖД қарасты ГМ-172/10 мекемесінің арнайы контингенттер арасында оқшауланған аймақтағы сотталғандармен өткен «Стрессті қабылдау және жеңе білу мүмкіндіктері» атты психологиялық тренинг өтті. Тренингті «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің психолог кеңесшісі Динара Руслановна Мухамбетова жүргізді.
Тренинг мақсаты: Жазасын өтеуші сотталған азаматтарға әр түрлі оқиғаларды бастан кешіру барысында стресске шалдықпай, стресстің қыр-сырларымен ақпараттандыра отырып стрессті жеңе білу.
Тренинг барысында стрестің анықтамасы, оның түрлері және шығу жолдары түсіндірілді. Тренинг барысында видеоролик көрсетіліп, талқылау орын алды.
Аталмыш іс-шара «Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.
https://www.instagram.com/p/CTrSIcbs1a-/?utm_source=ig_web_copy_link