Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Жезқазған қаласы әкімдігінің қолдауымен 2024 жылдың 22 наурызында «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде жамағат арасында Наурыз мейрамына орай Садақ ату жарысын өткізді. Сайысқа 40-тан астам діндар тұлға қатысты. Шара барысында дәстүрлі діни құндылықтар, ислам діні мен қазақ халқының салт-дәстүрі сабақтастығы турасында түсіндірме жұмысы айтылып, қазақ мәдениеті мен ислам дініндегі «садақ ату», «жылқыға деген қызығушылық», «атқа міну», «отбасы құндылықтары», «әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі» сынды құндылықтар жайында ақпарат жеткізілді. Жамағатқа ауызбіршілікке, ынтымақтастық пен Отансүйгіштікке бағытталған ақпараттар айтылды. Жарыс қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған жеңімпаздарға 15 000, 10 000, 5 000 көлемінде ақшалай сыйлық пен мақтау қағазы табысталды.