Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ақниет» ақпараттық-насихаттық және оңалту» ҚҚ теолог-консультанты Данаева Назгүл Медерқызы Дін істері басқармасымен бірлесе отырып, Орал қаласында тұратын «Жусан» репатрианттарына зияткерлік- ағартушылық бағытындағы «Оқу-білім бұлағы» атты байқауын өткізді.
Топтар ұлттық тағамдарды дайындау және сұрақ-жауап кезеңдері бойынша жарысқа түсті. Сұрақ-жауап кезеңі 5 бағытты қамтыды: қазақ ағартушылары; қазақстан тарихы; ұлттық тағамдар; салт-дәстүр; діни сұрақтар. Жүлдегерлерге 110 000 теңгелік сертификат (І орын), 90 000 теңгелік сертификат (ІІ орын), 70 000 теңгелік сертификат (ІІІ орын) және алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Ұйымдастырушыларға ұмыт болған салт-дәстүрлер мен тарихымызды, қазақ ағартушыларын еске түсіргендері үшін қатысушылар алғыстарын айтты. Қатысушылар тарапынан берілген тапсырманы нақты орындап, кейін маманмен талқылау орын алды.
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.