Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Отандық исламтану саласының маңызы артты

Бүгінгі күнде еліміз үшін дінаралық тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтау маңыздылығы артуда. Дін - қоғамдық сана формасы және әлеуметтік институт ретінде қоғам мен адам өмірінде нақты қызметтер атқарады.  Зайырлы қоғамда діни білім беру мазмұны - әлемдік және дәстүрлі діндердің құндылықтарын ғылыми және зайырлы тұрғыдан зерделеу мен діни танымды қалыптастыру.  Соңғы уақытта көптеген зайырлы мемлекеттер жоғары білім беру жүйесінің дін саласы мамандарын даярлауда исламтану негіздерін оқытуды қолға алуда. Біздің мемлекетіміз де көш соңынан қалар емес. Ел саясатының бәсекеге қабілетті дін қызметкерлерін дарлаудың түпкі мақсаты – елдегі ұлтаралық және конфессияаралық қатынас мәдениетін орнату, діни экстремизм мен фанатизмге қарсы күресе білетін құзірет қалыптастыруды жүзеге асыру. Дін мен қоғам арақатынасын, діни құндылықтардың ұлттық бірлікті сақтаудағы орны мен рөлін зерделеу әрқашан өзекті болып қала бермек. Еліміздің қоғам өмірі мен адамаралық қатынасты тұрақтандыру ісі – дін саласы мамандары үшін үлкен жауапкершілік жүктері сөзсіз.