Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Парасаттылық – кісілік қасиет

 

 

«Парасаттылық» деп жүректегі ақиқатты көретін саңлауды айтады. Кімнің иманы берік жүректің көзі соншалықты ашық деген сөз.
Атақты сахаба Әнас ибн Мәлік (р.а) « Бір күні әзіреті Османның үйіне бардым. Барар жолда адам табиғатына (нәпсісіне) әсер етерлік дүниелерге көзім түсіп, жан-сарайым шайқалғандай күй кештім. Ол уақыттарда әлі бойдақ едім. Есігін қағып Османның үйіне кіре бергенде жүзіме үңіліп бір қарады да, ол: «мына көздерде күнәнің іздері тұр»,-деді. Менің зәрем қалмады. Аз кідірдім де сұрадым: «Расулалладан кейін де уахи түсетін болған ба»,-деп. Ол: «Жоқ, бұл парасаттылық»,-деп қысқа қайырады»,-деген. (Қушайрия рисаласы)