Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның Ақмола облысындағы өкілдігінің басшысы Садуев Рустам Серикович Көкшетау станциясындағы Полиция департаментінің қызметкерлері үшін дәріс оқыды. Бұл туралы департаменттің ресурстарындағы Instagram және ВКонтакте әлеуметтік желілерінде хабарланды. Біз осы жарияланымдардың көшірмесін жасаймыз.
Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшылығымен «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы қоғамның қорының Ақмола облысы бойынша «Ақниет» АНОО ҚҚ өкілдіктің басшысы Р.С. Садуевтың қатысуымен жеке құрамға іс-шара өткізілді. Алғашқы сөзді Көкшетау станциясындағы ЖПб КПб бастығы полиция майоры Е.Б.Рахимов алды. Өз сөзінде ол Ақмола облысы бойынша «Ақниет» қоғамдық қорымен арадағы екі жақты ықпалдастық орнатылғандығын және жалпы ақпараттық - түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі туралы айтып өтті. Іс-шара барысында «Салафизм және оның теологиялық ерекшеліктері», «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйымының құрылу тарихы және оның негізгі тұжырымдамалары», «Хазбут-Тахрир» ДЭҰ-ның құрылу тарихы және Исламды саясаттандыру» тақырыбындағы дәрісінде Р.Садуев ДЭҰ-ның құрылу тарихы, салафизмнің теологиялық ерекшеліктерін түсіндірді және Дін саласындағы құқықтық жауапкершілік нормалары туралы айтып өтті. Барша азаматтарға экстремисттік идеялардың әсерлерінен өзін және туысқандарын сақтауды еске салды.
Көкшетау ст.ЖПб-нің жеке құрамы тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
https://www.instagram.com/p/ClldiT5NT9y/?utm_source=ig_web_copy_link
https://vk.com/wall253950517_14837
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.