Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
Қазіргі таңда еліміз діни әр түрлі кезеңдерді, неше түрлі ағымдарды басынан кешірді. Соның ішінде елімізге радикал бағытты ұстанатын ағымдар көп зиянын тигізіп келеді. Надан халық дінді ұстанамын деп, қойшысыз қойдың бас сауғалап өз бетімен кеткені сияқты, әр түрлі діни ағымдардың жетегінде кетіп жатқанына куәміз.
Бұның алдын алатын шаралардың бірі - жастарымыздың алғашқы шариғи білімді дін орталығы болған мешіттер мен медреселерден алуы, имамдар мен ұстаздардың тәлім- тәрбиесін алуы себеп болмақ. Осы орайда ата-аналардың балаларына дұрыс бағыт-бағдар беруі, мешіт ұстаздарына тапсыруы маңызды рөл ойнайды. Бұл көптеген адасушылық пен радикализмнің себебінен болатын адам өлу, жарылыс жасау және т.б. қоғамға зиян әкелетін жағдаяттардың орын алмауына үлкен септігін тигізетіні айдан анық.