Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Соқыр сенім – екі дүниенің қараңғы түнегі

 

 

Жат ағымды насихаттаушылар: «Басқа дін мамандарына барма,"шүбһа" (күмән) салады, адастырады» - деп, өз шәкірттеріне Алла берген ақылдарын істетіп, ақиқатты ізденуге тиым салуы өз қатарларын толықтырудағы құйтырқы әрекеттерінің бірі болды. Нәтижесінде, көптеген жандар білімсіздіктен жат ағымның жетегінде кетіп, бөгде біреудің дұшпандық насихатының құрбаны болды.
Бұл жағдайды қалайша Ислам діні деп айта аламыз?! Алла Тағала, мұндай қатыгездікке жетелейтін дінді емес, тіпті шынайы кәпірлердің өздерін мейірімділікке шақыратын дінді берді. Әз, пайғамбарымыз (с.а.с) мен саңлақ сахабалардың өзінде көптеген кәпір көршілері болмап па еді?! Осыны білудің өзі діннің шынайылығын түсіну үшін жеткілікті.