Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы Қарағанды қаласындағы өкілдігінің теологі Арай Бакирова Қарағанды техникалық университетінің студенттеріне «Сауатты халық - террорист болмайды» тақырыбында дәріс өткізді.
Біздің мемлекетіміз көп ұлтты, демократиялық мемлекет болғандықтан дін мәселесі жөнінде барлық азаматтарға қай дінге кіруіне, қандай дінде болуына еркіндік берілген. Осыған орай, еліміздің жарқын болашағын қалаушы - жас ұрпақтарымыздың санасын улап жатқан жат ағымдардың мән-мағынасын, әсер ету жолдары мен тигізер зияндары да аз емес. Қазіргі кезде жастар мұндай діни ағымдардан өте сақ болуы керек. Себебі, мұндай діндерге кірген адам қайтадан шығуы өте қыйын. Өйткені, өздеріне тәуелді етіп, адам санасын тереңінен улайды.
Бүгінде, асыл дінімізбен мүлдем жанаспайтын жат ағымдар жетегінде кеткен қаншама қандастарымыз отбасы мүшелерінен, үй-меншіктерінен айырылып, түрлі психикалық ауруларға шалдығып, өз-өзіне қол салып, балаларына тиісті медициналық екпе ектіруден бас тартып, мектептегі сабақтарын тастап, мектеп жасындағы ұл-қыздардың музыка тыңдауға қарсылық білдіріп, мемлекеттік әнұранды тыңдауды және туға құрмет көрсетуді харам деп жатқандарын да жоққа шығаруға болмайды.
Пайғамбарымы Мұхаммед (с.ғ.с.): «Отанды сүю иманнан» - деген. Мәңгілік елдің тірегі - құндылықтарында. Сол құндылықтардың бірі дәстүрлі дініміз.
Болашақ жастардың қолында. Жастарымызды имандылыққа, ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген асыл дініміз исламға баулысақ, түрлі жат ағымдардың жетегіне кетпейтін болады. Сонымен қатар иманды жас отанын, елін, жерін сүйетін, салт - дәстүрін, тілін, мәдениетін берік ұстайтын болады.
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.