Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
Ақтау қаласы ҚАЖД УГ-172/10 тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған азаматтардың көзқарасын дәстүрлі ислам бағытына оңалту мақсатында «Жусан операциясы» атты семинар-тренинг өткізілді. Шараны «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Маңғыстау облысы бойынша теолог-консультанты Азамат Тулепов пен Ақтау қаласы теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Сайдахмад Абдулхамидов ұйымдастырды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жусан» гуманитарлық операциясының қорытындылары мемлекетіміздің өте күрделі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті екенін көрсетті. Елге оралған отандастар жаңа өмір бастауға, ал балалар бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алды.
Егемендіктің алғашқы жылдарынан-ақ көп векторлы саясат ұстанып, жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік идеяларына жақтасқан Қазақстанның әлем алдында беделі осы гуманитарлық операциядан соң тағы да жоғарылап, осыған дейін көтерген бітімгерлік бастамаларының салмағы арта түскені анық.
Мемлекет ел азаматтары алдындағы міндетін адал атқаруы мен қиын жағдайға душар болған азаматтарына көмек қолын созудың бұл үлгісі әлемнің көп еліне таңсық болғанымен, қазақ халқы ертеден-ақ «Жесірін жылатпаған, жетімін қаңғытпаған» танымның қарапайым ғана көрінісі екенін біреу пайымдаса, біреу әлі байыбына бара алмай жатқаны және шындық.
Ұйымдастырылған шара соңында қатысушыларға сұрақ қойылып, отанға деген патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында салт-дәстүріміз бен тарихымыздың Ислам дінімен біте қайнасып жатқандығы туралы терең түсіндірілді.