Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Шет елдік күмәнді діни оқу – қауіпті құбылыс

Шетелдік діни оқу орнындарын екіге бөліп көрсеткен жөн. Біріншісі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми түрде меморандумға қол қойған шетелдегі танымал жоғары оқу орындары. Екінші – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен меморандуммен отырмаған, күмәнді шетелдік діни оқу орындары.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, дәстүрлі исламдық діни құндылықтар қайта жаңғырып, халқымыздың дінге бет бұру үдерісінің артқандығы мәлім. Дін – әлеуметтік процесстерге тікелей әсер етуші фактор, әрі қоғам руханияты мен мәдениетінің ажырамас бөлігі болғандықтан, қоғамдағы дін аралық қатынастарды реттеу мақсатында, Қазақстан үшін ислам дінінің ғылым ретінде зерттелу маңыздылығы зор болып табылады. Сол себепті, елімізде Исламтану саласында жоғарғы, білікті мамандар дайындайтын орталықтар мен жоғарғы оқу орындарына деген сұраныстың артуы да заңдылық.
Қазақ халқының рухани қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздікпен тікелей байланысты. Осы себепті, діни білім алуға шешім қабылдаған жастардың ата-аналары балаларын жарқын болашағы үшін діни білімді елімізде оқытуға көбірек көңіл бөлуі керек. Отандық діни оқу орындары діни танымға, халықтың ұлттық ерекшеліктеріне терең көзқарасы бар азаматтарды тәрбиелеуде. Қазақтың рухани қайнарларымен сусындап, олардың қадір-қасиетін білетін шәкірт дін саласындағы істердің жандануына зор үлес қосатыны сөзсіз.
Бүгінде Қазақстанның медреселеріндегі оқу бағдарламасы жетілдірілді. «Нұр Мүбарак» Қазақстан-Египет ислам мәдениеті университетінің жанынан ҚМДБ қызметін аналитикалық және әдістемелік қамтамасыз ету үшін «Абу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.
Бұдан басқа дін саласына қызыққан жастардың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде және Шет тілдері және іскерлік карьера университетінде дінтану мамандығы бойынша білімін шыңдау мүмкіндігі қарастырылған.