Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Қажылық» сөздікте – қасиетті орындарды зиярат ету деген мағынаны береді. Ал діни тұрғыдан «Арафат тауында ғибадат ниетімен бір уақыт тұру, одан соң шарттарына сай тауап ету арқылы Қағбаға зиярат жасау, тағы да басқа амалдарын орындау» дегенді білдіреді. Және бір түсіндірмеде қажылық деп «қасиетті Қағбаны белгілі күндерде, белгілі шарттармен зиярат ету»делінген.
Қажылықты өтеген кісі «қажы» атанады. Көпше түрі «хужаж» дейді. Қажылық парызын орындап келген адамды ауызша болсын, жазбаша болсын «қажы» деп атау ешқандай бидғат емес. Бұл атауды сол кісіге көрсетілген құрмет ретінде қабылдаған жөн.