Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Қазақтың діні мен дәстүрі сабақтас

Ислам діні ұлтымыздың бітім-болмысы мен мәдениетінде, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында өзіндік із қалдырғаны баршамызға мәлім. Сан ғасырлық тарихы бар мазарлар мен кесенелер, мешіттер мен медреселер халқымыздың тарихында ұлт руханиятының асыл қазынасы ретінде қызмет атқарды. Осы ретте А.Сейдімбек ағамыздың айтқан керемет сөзі есіме түсті: «Дін - тек қана наным-сенім аясымен шектелмей, сол діндегі елдердің өмір салтына, моральдық-этикалық нормаларына, мәдени-рухани үрдістеріне, дәстүріне айналып отыр» - деп, негіздеп айтқан болатын.

Өз кезегінде, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевта Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды», — деп ұлттық құндылықтардың айрықша орнын атап өткен болатын. Демек, дін,салт-дәстүр,мәдениет барлығы да біте қайнасқан жүйе екендігін ұмытпауымыз қажет.