Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
Қарағанды облысы бойынша «Ақниет» АНОО филиалының теолог-кеңесшісі Арай Бакирова АК-159/9 мекемесінде «Жусан» операциясы арқылы қайтарылып, жазасын өтеп жатқан азаматтарға «Алланың рахымынан күдер үзбеу» тақырыбында дәріс өткізді.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла мүминдер үшін дайындаған рахметінен Аллаға шүкір етушілер үшін олардың өз рахметінен құрметті етіп қойғанына, Аллаға шүкір етушілері және ізгі амалдар істеулері үшін дайындап қойды. Өйткені, кім Алланың рахметінен үміт етсе, ол жақсы амалдар істейді және осы рахметке лайықты болуға әрекет етеді.
Алла Тағала «Ағраф» сүресінің 56-аятында: «Алланың рахметі көркем амал істеушілерге жақын» деген.
«Кәһф» сүресінің 110-аятында: «Енді кім Раббысына жолығудан үміткер болса, онда ол жақсы амал істеп, Раббысына істеген құлшылығында Оған ешкімді ортақ қоспасын», - деп айтылған.
Абдулла ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) айтқан екен: «Үш нәрсеге ант етттім. Егер төртіншісіне ант етсем ол да тура болады:
1. Алла Тағала дүниеде бір кісіні дос тұтса, қиямет күні оған өзінен басқаны хаким етіп қоймайды.
2. Алла Исламнан несібелі болған кісіні Исламнан несібесіз етіп қоймайды.
3. Кімде-кім қайсы бір қауымды жақсы көрсе, қиямет күні олармен бірге болады.
4. Алла Тағала бұл дүниеде бір пенденің күнәларын жасырса, ахиретте де жасырады».
Жабир ибн Абдулла Ансаридің риуаят етуінше Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің шапағатым үмметімнің ауыр күнә істегендері үшін, мұны кім өтірікке шығарса, менің шапағатыма ілінбейді» деп айтқан. Бұл дегеніңіз, Пайғамбар өзі шапағат етеді деп ауыр күнәларды істеп жүре беру емес, қателігін мойындап Алладан кешірім сұрап, Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен м сәлемі болсын) салауат айту деген сөз.
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.