Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде Қызылорда облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігі тұрақты негізде жергілікті түзеу мекемелерімен өзара іс-қимыл жасайды. Осыған байланысты Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД «Ақниет» ҚҚ мамандарының жұмысын Instagram-дағы парақшасында атап өтті. Осы жарияланымның көшірмесін жасаймыз.
Есептегі сотталғандар теолог мамандармен кездесті. «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының жетекші маманы Ислам Каюпов пен осы орталықтың теологы Мағжан Өмірбеков қалалық пробация есебіндегі азаматтарды жеке қабылдап, ақпараттық- насихаттау жұмыстарын өткізді.
Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат- пробация есебіндегі сотталған азаматтарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы дәріс беру. Іс-шара барысында теолог маман есептегі азаматтарға рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігін, дін саласына қатысты қандай да бір ақпаратты дін саласында оқыған білікті мамандардан сұрау, діни ақпаратты интернеттен қолданар кезде сақ болу керек деді.
Іс-шараның соңында есептегі азаматтар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды. «Бүгінгі шарада мамандардың жеке қабылдауында болып, дәріс тыңдап, діни сауаттылығымызды кеңейте алдық. Себебі, теолог маман өзге діни ағымдардың басты ерекшеліктері туралы ашып түсіндірді. Өте маңызды тақырыптағы дәріс болғандықтан мұқият тыңдап, көптеген мәліметтер алдым», - деді есептегі азамат.
https://www.instagram.com/p/CbfI75nMgFY/?utm_source=ig_web_copy_link
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.