Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның теолог-консультанты Бакирова Арай Сергалиевна діни әйелдерге «Деструктивті діни ағымдардың интернеттегі контенттері» тақырыбында дәріс оқыды.
Қазір интернет заманы. Әлеуметтік желінің дәуірі жүріп тұрған кезең. Жат ағымды қолдайтындардың үгіт-насихатын үнемі бақылауда ұстау мүмкін емес. Ислам діні атын жамылып деструктивті діни ағымдардың жақтастары кeз келген бағыт бойынша, соның ішіндe ғаламтор арқылы да жастарымыздың санасын улап, қоғамымызға іріткі салып бағуда.
Таяу Шығыста белең алған лаңкестік әрекеттeрімен танылған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы әлeуметтік медиа және ғаламторлық тeхнологиялық қосымшаларды пайдалану арқылы өзге елдерден келген содырлармен қатарын көбейтті. Әлем бойынша ұйымдарға қосылушылардың 80% - дан астамы - ғаламтор арқылы арбалғандар.
Деструктивті діни ағымдардың жастарды арбау әрекеттері осы ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асырылуда. Деструктивті діни ағымды ұстанушылардың басым көпшілігін жастар құрайды. Олар діни ағымдарға рухани азық іздеп кіріп жатқаны да қаперден шықпауы керек.
Деструктивті діни ағымға ерушілердің діни сенімі мен ұстанымдары біздің қоғам мен мемлекетке қарсы және агрессиялық сипатта екені белгілі. Адам бойында қалыптасқан көзқарастық агрессия түбінде іс-қимылға айналуы әбден мүмкін екені анық. Бұған елімізідің бірнеше аймағында орын алған террорлық оқиғалар дәлел. Радикалды ағымдар көбінесе «Facebook», «Вконтакте», «Tapatalk», «Одноклассники», «Instagram», «Telegram», «Tik-tok» әлеуметтік желілерін жастар арасында кең қолданысқа ие.
Экстремистер әлеуметтік желілерде күндіз-түні жастарды аңдып, олардың өмірлік көзқарастары мен дүниетанымдарын зерттеп, өз айла-тәсілдерімен саналарын сан түрлі жолмен арбауға тырысып бағады. Деструктивті діни ағым өкілдері жас өспірімдердің назарын аудару мақсатында түрлі форматта контент жасауда. Әсіресе, жасөспірімдер арасында танымал болған «Tiktok» әлеуметтік желісінде өз насихаттарын жүргізуде.
Деструктивті діни ағымдардың идеологтары ұсынатын контенттер өте әсерлі, қысқа, түсінікті әр түрлі форматта болып келеді. Радикалды діни ұйымдар түрлі тәсілмен әр санаттағы адамдарға арбау (вербовка) жасауда. ЛГБТ-ға қатысты толеранттылыққа деген мақсатта астыртын ол қауымды да өз ұйымына кіргізуде. Осыдан-ақ террористік ұйымдардың қандай мақсатта, қалай жұмыс жасайтынына мән берсек екен. Ғаламтор бетінде тағы қандай контент ұсынады дейтін болсақ, ол тұрмысқа шықпаған, қыздарға арналған танысу сайттары белсенді жұмыс жасауда.Ғаламторда тағы бір ұсынылатын контент - ол қайырымдылық жасау, өз парақшаларында құран аяттары мен сүннет амалдары, сауда саласында жарнамалар т.б туралы материал жариялаумен бастайды. Аудиториясын жинап алғаннан кейін өздерінің уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алады.
Олар материалдарын сапалы форматта (бірдей фон, әр материал бірдейформатта,) дайындайды. Желі қолданушыларының назарын аударатын инфографикалық және анимациялық роликтер мен көзтартарлық дизайнды қолданады. Кейбір сайттарында халықты экстремистік немесе террористік әрекеттерге шақыруды насихаттамауы мүмкін. Бірақ исламға арналған ақпарттық портал ретінде жұмыс жүргізеді. Алайда, олар шын мәнiнде халықтың дәстүрлi діни ұстанымдарын ыдыратып, мұсылмандар арасына жік салып, дінді іштей бөлшектеуді көздеуi мүмкін.
Сондықтан елдің, ұлттың, халықтың тұтастығын сақтап қалу үшін, өздерін ғана ақылды санайтын жат ағымдардан барынша сақтану қажет. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымызды ұлықтау арқылы да, жастарды дұрыс жолдан жыра кеткен ағымдардан құтқарып қалу жолындағы бір тәсіл болып табылады. Ел бірлігi мен мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтiретін діни ағымдардың жетегіне кетіп қалмау шараларына баршамыз атсалысуымыз қажет. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.