Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
Конфессияаралық келісім – қазақстандық қоғамның тарихи жетістігі. Ата-бабаларымыз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», өскелең ұрпаққа бірлікті, жұдырықтай жұмылуды өсиет еткен. Дана қазақ: «Ырыс, қайда барасың? Ынтымаққа барамын» деп қадап айтуы бекер емес. Ал ұлт ұстазы, хакім Абайдың: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деген нақыл сөзі келешекке қалдырған аманаты іспеттес.