Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Ұяты жоқтың – иманы жоқ

Абай атамыз ұятты «надандықтың ұяты», «шын ұят» деп екіге бөлген. Шын ұятты «шариғатқа теріс я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады» деп түсіндіреді. Бірақ осының өзін «өзгенің бойынан шыққан», «өз бойыңнан шыққан ұят қылық» деп бұны да екіге жарып, талдайды. «Өз бойыңнан шыққан ұят қылықты» «іштен ұят келіп, өзін жазаға тартқан», «адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты» деп айтылған.