Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Әке мен бала

Жезқазған қаласы әкімдігінің қолдауымен, "Aqniet" қоғамдық қорының" ұйымдастыруымен "Ахмет Ишан Оразайұлы" мешітінде жамағат арасында "Әке мен бала" отбасылық тимбилдингі өткізілді.

 

Іс-шара барысында отбасылық командадан құралған қатысушылар арасында атқа міну, садақ ату, асық сынды ұлттық ойындардан эстафеталық сайыс өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша,
І орын Сағынтаев Ардақ отбасы
ІІ орын Қанай Ғабит отбасы
ІІІ орын Боранбаев Амандық отбасы иеленді.

Шара қорытындысында, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Өміртайұлы аталмыш жарысты ұйымдастыру мақсаты, жамағат арасындағы бірлікті арттырумен қатар, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, ұлттық спорт өнерін қайта жаңғырту екендігін баяндап, жеңімпаздарды жүлделі сыйлықтармен марапаттап өтті.


Жеңімпаздар 1 орын 100 000 теңге, 2 орын 70 000 теңге, 3 орын 50 000 теңге ақшалай сыйлықтармен және басқа да әртүрлі номинациялық сыйлықтармен марапатталды.