Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның Шығыс Қазақстан облысындағы өкілдігінің басшысы Абаков Аслан Мұратұлы Өскемен-1 станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері үшін «Об основных источниках угроз религиозного экстремизма в Казахстане» тақырыбында дәріс оқыды.
Атап айтқанда, Аслан Абаков Қазақстан аумағында әрекет ететін дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың ерекшеліктері, жақтастарының жеке қасиеттерінің күшті және әлсіз жақтары, сенімдері және Қазақстан діндарларында жалған нанымдарды қалыптастыруға қолданылатын тәсілдері туралы айтып берді. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.